Анонс


Қорқыт атаның ұлтына қатысты ұйғарым жасалмақ

Сейсенбі, 24 Қараша 2015 15:38
Қорқыт атаның ұлтына қатысты ұйғарым жасалмақ KAZMUSEUM.KZ -  

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңесі Қорқыт атаның ұлтына қатысты бір шешімге келуді ұйғарды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қорқыттың нақты қай дәуірде өмір сүргендігі турасында ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Сонымен қатар, оның ұлтына қатысты да талас-тартыс көп. Осыған орай Кеңес мүшелері барлығымыз жұмылып, Қорқыт атаға қатысты ғылыми негізге сүйене отырып бір шешімге келу жөнінде ұйғарды», - делінген хабарламада.

Ғалымдардың әзірге нақты қандай шешімге келгені белгісіз. Әзірге анықталғандай, Қорқыт атаға қатысты зерттеу жұмыстарын жалғасып жатыр. 

2703 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper