«Музейлердің, музей-қорықтардың жұмысын белсендіру мақсатында 2015 жылы барлық ұйымдар РМК-дан РМҚК ұйымдастыру-құқықтық формасына өтті. Осының арқасында музейлерге табыс табуға мүмкіндік ашылды. Осы шешімнің тиімді үлгісі ҚР Ұлттық музейі болып табылады. Ол ақпан-шілде айлары ішінде 65 млн. теңге табыс тапты», - деді А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.
Ведомство басшысының айтуынша, министрлік «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру аясында ауқымды жобаларды әзірледі. Олардың қатарында мәдениет, спорт, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс салаларында әзірленген нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады.