Алдын ала жасалған уағдаластыққа сәйкес ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валюта тарихының экспозициясын қалыптастыру үшін ҚР Ұлттық музейіне (Астана қ.) монеталар мен банкноттарды береді. Сонымен бірге ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валютаның экспозициясын толықтыру үшін ҚР Ұлттық музейіне барлық шығаратын жаңа монеталары мен банкноттарын тұрақты негізде беруге ниет білдірді. Меморандум шеңберінде тараптар бірнеше бағыттағы, оның ішінде бірлескен мәдени-білім беру жобаларын әзірлеу және іске асыру, тарих және музей ісі саласында консультацияларды жүзеге асыру, ақпарат, құжаттама және әдебиет алмасу; Қазақстан ұлттық валютасының музей қорын дамыту, музей ісі саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу және т.б. кезіндегі өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға міндеттенеді.
Ұлттық Банк музей ісін дамыту туралы меморандумға қол қойды Таңдаулы
Жұма, 29 Мамыр 2015 10:01
KAZMUSEUM.KZ -
Астана қаласында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Қайрат Келімбетов пен ҚР Ұлттық Музейінің Директоры Дархан Мыңбай Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметінен хабарлады.