«Бағдарламамыздың бір бағыты - тарихи және мәдени мұраны қайта жаңғырту. Бұл бағытта мәдени өмірді дамыту да жоспарда бар.
Ал негізгі бөлігіне кірісер алдында, біз түрлі деректерді жинастырып талдап жатырмыз. Мысалы, еліміздің музейлері бойынша деректер жинадық.
Бүгінгі күні Қазақстанда 234 музей, оның ішінде 89 — өлкетану музейі жұмыс істеп тұр. Осымен қоса тарихи, мемориалдық, жаратылыстану-ғылыми, өнертану, музейлері мен қорықтар бар. Жұмыс істеп жатқан музейлердің көбісі Оңтүстік Қазақстан облысында, ал ең азы – Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында. Соңғы аталған облыс Павлодар облысымен бірге осы жылғы бағдарламаға енгізілді», - делінген хабарламада.
Айта өтейік, kazmuseum.kz сайты алдағы күндері бағдарлама туралы ақпаратты жариялайтын болады.