Депутаттың айтуынша, музейлер табыс табуы үшін олардың жұмыс істеу уақытын ұзарту керек. Өйткені қарапайым жұмысшы 18:00-де жұмыстан қайтса, музейге қайдан барсын. Сондай-ақ, депутат аукцион жүйесін дамыту керектігін айтты. Кездесу кезінде маман дайындау жайы да сөз болды.
Гүлнәр Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазір музей ісінің мамандары өте аз. Сондай-ақ, табылған археологиялық заттардың құндылығын анықтайтын білікті сарапшылар қажет. Бұндай мамандарды оқытып, тәрбиелеуіміз қажет. Архивариустар да аз. Осы мәселелерді шешсек, музей ісі алға басады.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев, Валентин Лобанов