- Ең алдымен облыста мәдени мұраны қолдауға, жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларға қажет қаражат қысқартылмайтынын мәлімдеймін. Бүгінгі күнге дейінгі өткізілген мәжілістерде Сіздердің талқылауларыңызға маңызды жобаларды ұсынып, нәтижесінде нақты шешімдерге қол жеткізген болатынбыз. Атап айтар болсақ, Кеңес шешімімен Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу жұмыстарының ғылыми құжаттамалары әзірленді. Ал Қорқыт атаға қатысты мәселелерде біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге және бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, - дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.