Шара Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында 26 қарашада Ұлттық музейде өтеді. Жобаның мақсаты – Ұлттық музейдің қоғамдағы имиджін арттыра отырып, тарихы терең мұраларымызды, құнды жәдігерлерімізді насихаттау болып табылады.
Шарада отандық өнер жұлдыздары Ұлттық музейге келушілерге арнайы экскурсия жүргізеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды экскурсия жүргізушісі ретінде танып, өздеріне қажетті ақпарат алады.
«Жұлдызды гид» жобасына қатысушылар – Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова. Әрбір өнер адамына бір залды таныстыру тапсырылады. Шара соңынан жұлдыздардың концертін тамашалауға болады.
Баспасөз мәслихаты 2015 жылғы 23 қарашада сағат 12.00-де басталады.