Анонс


Отандық өнер жұлдыздары Ұлттық музейде гид болуға дайындалуда (ФОТОРЕПОРТАЖ) Таңдаулы

Сейсенбі, 10 Қараша 2015 10:40
Отандық өнер жұлдыздары Ұлттық музейде гид болуға дайындалуда (ФОТОРЕПОРТАЖ) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде 26 қараша күні «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырылады. Осыған орай kazmuseum.kz тілшісі өнер жұлдыздарының бұл шараға дайындығы туралы біліп қайтқан еді. 

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шарада отандық өнер жұлдыздары музейдегі гид қызметін көрсетеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды гид ретіндегі қырынан танып, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Жобаның басты мақсаты – Ұлттық музейдегі қоғамдағы имджін арттыра отырып, экскурсовод қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. 

Ақын Қалқаман Сарин музей экспозициясымен танысып, өзіне гид ретінде киетін костюмге тапсырыс берді. 

Әнші Қарақат Әбілдина музейге келушілер үшін "Алтын залды" таныстыратын болады. 

 

Құрмаш Мақановқа "Тарих" залын таныстыру оңайға түсетін сияқты. Әншінің дайындығы бар екені бірден білінді.

Клара Төленбаеваның дайындығы да жоғары деңгейде. Тек костюмдерін бір ретке келтіріп алса болды. Әншінің айтуынша, алдағы күндері өзіне шақ келетін костюм де дайын болмақ.

Заманауи өнер залын таныстыратын Маржан Арапбаева дайындығын өзге әріптестерінен кеш бастады. Бірақ, алдағы күндері ең қызықты экскурсияны өзі жүргізетініне сенімді әнші ештеңеге асығар емес.

Музейдегі гид ретінде қызмет көрсететін танымал жұлдыздардың арасында Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова да бар. Олардың дайындығымен біз алдағы күндері танысатын боламын. 

Аталған өнер жұлдыздары Ұлттық музейдің бірнеше залдары бойынша гид қызметін атқарады.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Жұлдызды гид» жобасын 26 қараша күні сағат 14.00-ден бастап тамашалай алады. Шара соңынан жұлдыздардың концертін тамашалауға болады. 

3161 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper