«Трогонтерилік піл мамонттың арғы тегі. Ол мұз дәуірінің ортасында өмір сүріп, 200 мың жыл бұрын өлген. Табылған сүйектер 50 шақты. Ірі жануар болғанын байқауға болады», - деді экспедицияның ғылыми кеңесшісі, РҒА Палеонтологиялық институының маманы Евгений Мащенко.
Оның айтуынша, жануардың денесі 4 метрге жуық, жасы - 45 жыл. Ресей музейлерінде мұндай піл сүйектерінің сегізі сақталған.
KAZMUSEUM.KZ -
Ресей жерінен 200 мың жыл бұрынғы піл сүйегі табылды
Бейсенбі, 16 Шілде 2015 09:41
Археологтар Ресейдің Перм өлкесінен 200 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген трогонтерилік піл сүйегін тапты. Тұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап inform.kz хабарлады.