Галереяның осындай атаққа ие болуына музей ішіне 15 млн. фунт стерлингке жасаған жаңғырту жұмыстары себеп болған.
Айта өтейік, Уитворт музейінің негізі 1889 жылы қаланған. Оның ең соңғы ауқымды жобаларының бірі – неміс суретшісі Герхард Рихтер мен музыкант Арво Пяртаның біріккен қойылымы еді. Сонымен қатар Галерея Гонконгтың визаулды мәденит музейінің жәдігерлерінен ұйымдастырылған «М+» көрмесімен де ерекшеленді.
Естеріңізге салайық, Art Fund's Museum of the Year Prize сыйлығы жыл сайын арнайы сарапшылар көмегімен тағайындалады. 2015 жылы осы сарапшылар қатарында қор басшысы Стивен Дешар, суретші Майкл Лэнди, дизайн-сыншы Элис Роусторн, өнер мен "The Economist" кітап шығару бөлімі редакторы Фиаметта Рокко, Амстердамдагы Ван Гог музейінің басшысы Аксель Рюгер тәрізді өнер саласындағы танымал тұлғалар болды.
Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері