Анонс


Бүгін Музейлердің халықаралық күні

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2015 12:36
Бүгін Музейлердің халықаралық күні KAZMUSEUM.KZ -  

 Бұл атаулы күн Музейлердіі халықаралық кеңесінің Мәскеу мен Ленинградта өткен конференциядағы ұсыныстары негізінде 1978 жылдан бері аталып өтіліп келеді. 

- Музей күнін әлемнің 150-ден астам мемлекеті мереке ретінде атап өтеді. 
- Бұл күні барлық музейлерде "Музейдегі түн" шарасы аталып өтіледі. 
- Қазақстанда қазіргі уақытта 250-ге жуық музей бар.  
- Қазақстандағы алғашқы музейлік бастаманы 1828 жылы Жәңгір хан көтерген. Сол жылы өз ордасында музейлік көрме залын ашты. 
- Кейіннен 1831 жылы 1 сәуірде Орынборда, 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда, 1859 жылы Оралда музейлер ашылды. Жалпы, революцияға дейін Қазақстанда осындай 4 музей болды.
- Революциядан кейін 1920 жылы Қостанай мен Көкшетауда музей ашылды.
- Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанда 24 музей болды. Онда 70 мыңнан астам жәдігер сақталды. 
- Кеңестік Қазақстандағы музей ісінің дамуына Г.Потанин, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков зор үлес қосты.
- Қазақстанда "музейтану" мамандығы 1981 жылдан бері (ҚазМУ) оқытылып келеді. 
- Музей түнін өткізу идеясы ең алғаш рет 1970 жылдары ұсынылды. Бірақ, идея қолдау таппай 1997 жылға дейін бұл шара өткізілмеді. 
- Әлем бойынша бұл идеяны алғаш рет 1997 жылы Германия «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізді. Берлинде өткен шараға ресми Париж қызығушылық білдіріп, 2001 жылы Луврда музей түнін өткізді.
- Қазақстандағы алғашқы "музейдегі түн" 2006 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейде өтті. 
- Әлемдегі музейлердің қызметі Халықаралық ИКОМ-ға бағынышты. ИКОМ (International Council of Museums, ағылшын. ICOM) 1946 жылы Парижде құрылды.

6414 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper