Апатқа ұшыраған ұшақтың сынған бір бөлігі осыдан бірнеше ай бұрын Краснодар өлкесінің музейіне берілген болатын. Музей басшылығының ұшақ сынығын Донбасс басшылығына қайтарып беруіне халықаралық тергеушілер тобының ұсынысы себеп болған. Осы уақытқа дейін апат себептері анықталып жатқан ұшақтың сынықтары қазіргі уақытта толық жинастырылып болды.
Айта өтейік, 2014 жылдың 17 маусымында Malaysia Airlinesәуе компаниясының ұшағы Донецк әуе кеңістігінде апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде 298 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда.