Мерейтойлық музей-пойыз өз сапарын 8 маусым күні Қостанай қаласынан бастамақ. Пойыздың 9 вагоны музей көрме залы ретінде жабдықталған. Барлық экспозицияларда негізінен қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі туралы деректер қамтылған. Ал, қалған 8 вагонда қазіргі заман тарихынан сыр шертетін түрлі макеттер орналастырылған.
Айта өтейік, ресейлік пойыз-музей 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әр мереке сайын түрлі тақырыптарда экспозициялар ұйымдастырып, Ресей мен ТМД-ның бірқатар қалаларын аралап жәдігерлермен таныстырып келеді.