Университетте инженерлік және декоративтік жұмыстар 4 жылдан бері жүргізілгені айтылады. Мұражай экспонаттарының көп бөлігі интерактивті. Бұл келушілерге су айналымының үрдісін терең түсінуге мүмкіндік береді.
2011 жылы музейді құруға «АКМЕНА» қоғамдық бірлестігі бастамашылық етті. Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығы мен БҰҰДБ қорының Қырғызстандағы жаһандық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасы су музейін құру идеясын қолдады, деп жазады inform.kz.