Пушкин шығармашылығына арналған көрмеде танымал суретшілердің картиналары қойылған. Ұлы ақынның Орынборға сапарын бейнелеген суреттер де залдан орын алды. Ақын 1833 жылы осы қалаға келіп, «Капитан қызы» тарихи романына материал жинаған. Біраз жыл өткен соң графика өнерінің шебері, орынборлық суретші Андрей Преснев дәл осы тақырыпқа арнап картиналар сериясын жарыққа шығарды. Бүгінгі көрмеге сол сериядан бірнеше еңбектер қойылған. «Жалпы орынборлықтар Пушкиннің өңірге келгенін әлі күнге аңыз қылып айтады», - дейді ұйымдастырушылар. Мәскеулік музей ұжымы Ақтөбе жеріне жиі келіп, түрлі шаралар өткізеді. Бұл жолғы көрме Ресейдегі мәдениет жылына арналған.
Орынбор музейі Ақтөбеде көрме өткізуде
Сейсенбі, 27 Қазан 2015 09:37
KAZMUSEUM.KZ -
Ақтөбеде Орынбор облыстық өнер музейінің көрмесі өтуде, деп хабарлайды 24.kz арнасы.