Анонс


Президент Музейінде ресейлік суретшінің 100-ге жуық туындысы халық назарына ұсынылады Таңдаулы

Сенбі, 24 Қазан 2015 03:14
Президент Музейінде ресейлік суретшінің 100-ге жуық туындысы халық назарына ұсынылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Ресей Суретшілер одағының мүшесі Латиф Казбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттемелер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының өкілдігімен және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

 «Ертегілер әлеміне саяхат» - Л. Казбековтің Қазақстандағы алғашқы жеке көрмесі. Көрме қонақтары автордың әлем халықтарының 15 ертегісінің суреттемелерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. 

Атап айтқанда, Италия, Кения, Америка, Жапония, Ресей ертеліглері, ежелгі Греция аңыздары, астарлы әңгімелер мен өлеңдерге арналған картиналары қойылатын болады.

 Олардың ішіндегі ең атақтылары Д.Ч. Харристің «Римус ағайдың ертегілері» топтамасындағы қоянның бейнесі және «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» ертегісіндегі Буратино бейнесі. Жалпы көрмеде автордың 98 туындысы көрермен назарына ұсынылатын болады. 

 Айта өтейік, көрменің тұсаукесері 2015 жылғы 28 қазанда сағат 17.00-де Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11 үйде орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде өтеді. 

5436 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper