Анонс


Атырау облыстық өнер музейі Алматыда көрме өткізеді Таңдаулы

Сенбі, 24 Қазан 2015 02:19
Атырау облыстық өнер музейі Алматыда көрме өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2015 жылдың 27 қазанында сағат 16.00-де Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі қорынан «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Көрмеде кескіндеме шеберлерінің тамаша туындылары ұсынылып отыр.

Көрменің басты мақсаты – аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайту, музей ісін дамыту. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және  сәндік-қолданбалы өнер музейінің қоры Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына қазақ халқының рухани мәдениетінің құндылықтарымен танысуына мол мүмкіндік береді.

Көрмеге әр түрлі жанрдағы 40 туынды қойылады.

Жанәбіл Рахметов, Мұхит Калимов, Гүлфайрус Ысмайылованың және тағы басқалардың туындылары көрмедегі портрет өнерінің керемет үлгілері болып табылады. Олар сурет кейіпкерін дәлме-дәл бейнелейді. Ол үшін әр суретші тиісті шешім тауып, кейіпкеріне қоршаған ортамен салыстыра отырып мінездеме береді.

Қамбарбек Аманов, Жоламан Аралбаев, Рафаэль Слекеновтің туындыларында ауыл өмірі кеңінен бейнеленген. Дәстүрлі түрде күннің батуы, ағаштар, құдықтар мен шөптер өсімдіктердің жарылуы, жердің дірілдеуі секілді ақылға сыймайтын пейзажға ауысады.

Амандос Ақанаев, Әділхайыр Жантасов, Ерболат Шеруеновтің туындылары ата-бабалар дәстүрін негізге ала отырып, туған өлке тарихын әлемге танытады.

Сәдір Кәрібай, Отарбай Кендір, Қабдол Досниязов, Анатолий Бажанов сынды суретшілердің туындыларында отбасылық жылылық пен туыстық қатынастарды, салт-дәстүрлерді бейнелей отырып, рухани әрі тұрмыстық сипатта туған жердің кейпін сипаттайды.

Көрмеге арқау болған – суретшілердің туған жерге, Атырау қаласына, Ақжайыққа деген сүйіспеншілігі. Осы топтамадағы суреттер көгілдір және сарғыш қоңыр түспен берілген. Қала және қала маңының толассыз өзгеріп жатқан ажары жаңа әсерлер мен жаңа мақсаттарды туғызады.

«Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрмесін ұсына отырып, Атырау облыстық Шәймардан Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі алдағы уақытта да Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен байланысын жалғастырып, өзінің шығармашылық лабораториясын және тұтастай Қазақстан өнерінің «шеберханасын» байытады деп сенеді.

Айта өтейік, Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және  сәндік-қолданбалы өнер музейі облыс әкімдігінің 1992 жылғы шешіміне сәйкес ашылды.

1999 жылы музейге дербес ғимарат беру туралы шешім қабылданды. Ал 2005 жылы музейге суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының  мүшесі Ш. Сариевтың есімі берілді. Қазіргі таңда музей облыстағы мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Музейдің алуан түрлі коллекциясы Атырау облысы көркем мәдениетінің өткені мен бүгінгісін таныстырады. Музей қорында 1600-ге жуық жәдігер бар.

 

7826 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper