Омбыда «Саяхат» қазақстандық шеберлерінің кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Экспозиция «Ресей-Қазақстан. Достық көпірі - 3» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.
160 жұмыстан, оның ішінде 43 ШҚО суретшілерінің еңбегінен тұратын көрмені Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері мен омбылық «Либеров орталығы» қызметкерлері бірге безендірді.
Көрменің ашылуы күнінде онда қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Консулы Ильдар Қонаев, «Единая Россия» партиясы жақтастарының Омбы аймақтың үйлестіру кеңесінің төрағасы Анатолий Адабир мен оның орынбасары, «Наследие» орыс тілін, өнері мен мәдениетін дамыту қорының басшысы Степан Ермола болды.
Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромскаяның ақпаратынша, көрменің ашылуына Қазақстан мен Омбының белгілі суретшілері музейде бас қосты. «Шоқан жолы» қазақ дәстүрлерінің жаңғыруы» ұйымының белсенділері сияқты шараны ұйымдастыруға атсалысқан қоғамдық қазақ ұйымдарының өкілдері де болды. Ұйымдастырушылар айтқандай, таныстыру қазақ мәдениетінің үлкен мейрамына айналды. Қазақ тілінде әндер орындалып, қазақ әуендері шырқалды, дизайнерлер ұлттық нақышпен тігілген киім үлгісін көрсетті.
«Осы жұмыстарға қарай отырып, өнер әлеміне саяхат жасағың келеді. «Либеров-орталығы» басшылығына, «Шоқан жолы» қоғамдық ұйымына, ШҚО Мәдениет басқармасына және Невзоровтар жанұясы атындағы музейге осындай көрмені ұйымдастырғандары үшін алғыс айтқым келеді, - деп атап өтті Омбыдағы ҚР Консулы Ильдар Қонаев.