Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейі «Баласағұн» ОКЗ-да экспозиция ұйымдастырды. Онда ондаған тарихи фото суреттер мен жамбылдық Константин Провоторов, Мақсат Бексұлтанов, Рахат Сапаралиев, Елена Панина сынды бірқатар суретшілердің еңбектері қойылды.
«Көрмеден қайталанбас әсер алдық, - дейді Тараз тұрғыны, педагог Консуэла Байбосынова. - Бейне бір басқа уақыт өлшемінде болғандаймыз. Біздің гүл жайнаған Орталық алаңымыздың орнында құжынаған базар болған кезге, орталық көшелерде ат арбалар жүрген уақытқа барып қайтқандаймыз».
Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейі қорда сақтаулы суреттердің көрмеге тек бір бөлігі ғана қойылғанын атап өтті.