Анонс


Тарихи құндылығы бар әшекей бұйымдар көрмеге қойылады

Жұма, 09 Қазан 2015 14:51
Тарихи құндылығы бар әшекей бұйымдар көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Зергерлік өнер» атты көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

 «Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылады. «Әдемі-ай» өнер музейінің негізін 2011 жылы танымал коллекция жинаушы, өнертанушы Бахаргүл Төлеген қалады. Бүгінгі таңда музей экспозициясының қоры мыңнан астам экспонаттардан тұрады. Олардың арасынан ж.с.д. І-ІІІ ғасырларға жататын Құшан патшалығына тән археологиялық жәдігерлерді және VI-ХII ғасырлардың тарихи бағалы туындыларын көруге болады. Көрмеге 13 жылдан бері тарихи-мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді жандандырумен айналысып келе жатқан «Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына  арнайы дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылады.

 Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және тамыры мыңдаған жылдарға бойлайтын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

Көрме 2015 жылғы 13 қазанда, сағат 16.00-де ашылады. 

8464 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper