Сондықтан қылқалам шеберлерінің әр қайсысы өз еңбектерін әдеби шығармалардың желісіне сай әзірлеген. Көрмеде көпшілік назарына 200- дей сурет пен 100 шақты зергерлік бұйым ұсынылды. Солардың басым бөлігі халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 70-80 жыл бұрын салынған тарихи-танымдық еңбектері. Қазақстан Суретшілер одағының негізін қалаған тұлға Қазақ хандығын әйгілеген билер мен сұлтандар бейнесін әзірлеп, келешек ұрпақ үшін мол мұра қалдырған.
KAZMUSEUM.KZ -
Астанада «Ұлы бабалар жолы» атты қолөнершілер көрмесі өтті
Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2015 09:53
Әсем туындылар Қазақ хандығы қалыптасқан 550 жылдан бергі тарихи мазмұны ерек, елеулі оқиғалардан сыр шертеді, деп жазады khabar.kz сайты.