Анонс


Швециялықтар Ақмола өңірінде көшпелі көрме ұйымдастыруға ниетті

Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2015 09:27
Швециялықтар Ақмола өңірінде көшпелі көрме ұйымдастыруға ниетті KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркено­в өңірге жұмыс сапарымен келген шве­циялық делегация мүшелерімен кездесті, деп жазады inform.kz тілшісі. 

Оларды Швецияның Қазақстандағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Христиан Камилл ­ бастап келді. Жүздесу барысында Н. Нұркенов меймандарды об­лыстың мәдени және экономикалық жетістік­терімен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, облыстық мәдениет басқар­масының басшысы Сәуле Бөрібаева аймақтың мәдени тынысы жөнінде әңгімелеп берд­і. Өз кезегінде швециялық делегация мүше­лері өзде­рі білгісі келген сауалдарын қойды. Әңгі­ме барысында қонақтар облыста өз ел­дерінің көшпелі көрмесін ұйымдастыру ниеттер­ін жеткізді. Мұндай тарихи көрме Беларус­ь Республикасында да өтіпті. Бұл туралы ­Минск қаласындағы Ұлттық музей директо­ры Олег Рыжков баяндап берді. Кездесу с­оңында екі жақ естелік сыйлықтармен алма­сты. 

Сонымен қатар меймандар облыстық тарихи-өлкет­ану музейінде болып, көрме ұйымдастыру­дың мүмкіндіктерін қарастырды. Ел астана­сы Стокгольмдегі армия музейінің директо­ры Ева-Софи Эрнестелль «BITS AND PIECES»­ деген көрме атауының өмір мен өлім арас­ындағы заттар деген ұғымды білдіретіндіг­ін жеткізді. Көрмеде негізінен, бірінші ­және екінші дүниежүзілік соғыстардағы қ­ұралдар көрсетіледі. Бір айта кетерлігі,­ бұл екі соғысқа да шведтер қатыспаған. 

Облыстық тарихи-өлкетану музейі директ­орының орынбасары Алма Құнанбаева өз сөз­інде көрмені өткізуге қызығушылықтың бар­ын, дегенмен, мәселені салалық министрл­ікпен және еліміздің Ұлттық музейімен бі­рлесіп шешкен орынды болатынын жеткізді. 

5872 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper