Көрмеден жапондықтардың дәстүрлі қуыршақтары, ұлттық киімдері, кимоно, хаори және желпуіштердің көптеген түрлерімен таныса аласыздар.
Көрме жәдігерлері көрерменге жапон мәдениетінің тарихынан сыр шертіп, мерекелік дәстүрдің жалғастығын көрсетеді. Көрмеге келушілер жапон мәдениетіндегі қуыршақтардың алатын орнымен танысуға мүмкіндік алады.
Тұсаукесер рәсімінде жапондықтардың ұлттық киімі – кимоно дефилесі болады.
Көрмедегі барлық жәдігерлер Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің зайыбы Камохара ханымның жеке коллекциясынан ізгі ниетпен ұсынылған.
Көрме 15 қыркүйекте сағат 17.00-де ашылып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады.