Әлемдік турне шеңберінде«Nikolya шоколад музейі» атты авторлық көрме 40-тан астам қалаларында болып, көрмемен 500.000-нан астам адам танысты. Енді Алматы қаласының тұрғындары мен оңтүстік астанамыздың қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып қана қоймай, түрлі акциялар мен мастер-класстарға қатысу, сондай-ақ өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.
«Nikolya шоколад музейі» көрмесінде өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300-ден астам өнер туындылары көрсетіледі. Жалпы салмағы 700 кг-нан астам шоколад пен марциран мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және тағы басқа бұйымдар болады.
Көрме 23 қыркүйек күні ашылады, алғашқы 1000 келушіге сыйлықтар бар.