Қазақ құқығының тарихына қатысты көрмеде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті Жарғы» деген заңдар топтамаларынан бастау алған қазақ құқығының негізгі кезеңдері көрсетілді.
Қазақстанның қазіргі конституциялық заңының алғашқы ережелері 1917 жылы 13 шілдеде І Жалпы қазақ съезінде жарияланған Алаш автономиясының ІІ съезінің Қаулысымен тұжырымдалған (1917 ж. желтоқсан).
Көрмені тамашалағандар Қазақ АКСР-ның 1926 жылғы Конституциясының, Қазақ КСР-ның 1937 және 1978 жылғы Конституцияларының және Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституцияларының негізгі ережелерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Көрме жыл соңына дейін созылады.