Көрме экспозициясында Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік туындылары мен мүсіншілердің жұмыстары қойылады. Отанымыздың бейнелеу өнері шеберлерінің біршама жұмыстары шет елдерден мемлекетімізге қайтарылып, ең алғаш рет оңтүстік астанамыздың көпшілігіне ұсынылмақ.
Бұл қор жиырма жыл ішінде жиналған. Экспозицияда ХХ ғасырдың 30 жылдары суретшілерінің және заманауи Қазақстан өнерінің авангардтық суретшілерінің еңбектері қойылады. Көрмеде Ә. Қастеев пен Қ. Ходжиковтардың акварелдік жұмыстарын, С. Мамбеев, М. Кенбаеев, А. Ғалымбаева, С.Раманов және т.б. суретшілердің жоғарғы деңгейде бейнеленген кескіндемелік жұмыстарын көре аласыздар.
Айта өтейік, көрме коллекциясы кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұловқа тиесілі. Көрменің ашылуы 27 тамыз күні сағат 18.30-да өтеді.