Анонс


Семейліктердің назарына «Абай. Уақыт. Өнер» атты көрме ұсынылды

Сенбі, 22 Тамыз 2015 16:46
Семейліктердің назарына «Абай. Уақыт. Өнер» атты көрме ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Семейде Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан Өнер музейінің «Абай. Уақыт. Өнер» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан Өнер музейі және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Абайды танып, біл!» акциясы аясында бейнелеу өнері туындыларының облыстық байқауында жүлделі орын алған суретшілердің бейнелеу өнер туындылары көрмеге қойылды.

Осы байқаудың «Мүсін», «Тарихи нақтылық», «Тақырыпты философиялық оқу» және «Жас дарын» аталымдары бойынша жеңімпаздары аталған өскемендік Н.Аштема, Е.Тұрғанбаев, семейлік Т.Жұбанышев, Ғ.Макаров, Т.Татиев пен М.Қайырхан сияқты тағы басқа суретшілердің туындылары Семей жұртшылығына ұсынылды.  

Көрмені қаламыздың зиялы қауымы, мәдени мекемелердің қызметкерлері, қала қонақтары, Шығыс Өңірлік Қолбасшылығының мемлекеттік тілді дамыту әскери қызметшілері, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және музей қызметкерлері тамашалады. 

Айта өтейік, көрме 1 ай бойы жұртшылық назарына ұсынылады. 

 
5231 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper