«Көрмеге "Parallel Worlds" шығармашылық тобына біріккен 20 ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің көрнекті өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам жұмыстары қойылады», - деді Р.Әбенова.
Оның айтуынша, аталған көрменің өтуіне ресейлік меценат зор ықпал жасап отыр.
«Көрме ресейлік бизнесмен әрі меценат Юрий Саулиди жетекшілік ететін «Петербургтің ерікті суретшілері» әлеуметтік-баспа жобасының бастамашылығымен ұйымдастырылуда. Жобаның басты міндеттерінің бірі 20-ғасырдың 70-80 жылдарындағы ресейлік суретшілердің шығармашылық мұраларын сақтау, әрі олардың шығармаларын Ресейге және шетелдерге таныстыру болып табылады», - деп атап өтті Р.Әбенова.
Айта өтейік, көрме бүгін ашылып, 27 тамызға дейін созылады.