Мерекеге орай музейдің әр бөлімі қонақтарға ерекше көрме ұйымдастырады. Табиғат секторының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына «Фарфор зообағы» экспозициясын ұсынады. Жұрттың назарына фаянс пен фарфордан жасалған әтештер, аюлар және балықтар қойылмақ.
Ғасырлық жұмысында музей қоры облыс тұрғындарының сыйлықтарымен де байыды. Тұрғындар музейге ерекше олжалары мен отбасылық жәдігерлерін тапсырды. Музей қызметкерлері қостанайлықтарды мерекелік экспозицияны бірігіп ұйымдастыруға шақырады.
«Біз қала тұрғындарын тек қонақ ретінде емес, қатысушы кейпінде де көргіміз келеді. Кейбір жәдігерлерді сыйлыққа алуымыз мүмкін. Уақытша пайдалану үшін экспонат алып келушілерге де алғыс білдіреміз. Бізге көмектескендердің барлығын міндетті түрде атап көрсетеміз», — дейді табиғат секторының ғылыми қызметкері Андрей Андрющенко.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 1915 жылдың 1-тамызында ашылды. Музейдің алғашқы экспонаттары зоология, өсімдіктану, география және астрономияның көрнекті құралдары болды. Музей қызметкерлерінің айтуынша, қор мен көрме залында 124 мыңнан астам экспонат бар. Қор жыл сайын 1,5 мың жаңа жәдігермен толықтырылып келеді.
Автор: Софья Чернова
Фото: alau.kz