Алғаш рет көрермен назарына Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаттары ұсынылды. Олардың қатарында «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы», «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлықтары бар.
"Тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметінің арқасында, Елбасымыз дүниежүзілік қоғамдастық алдында үлкен сый-құрметке бөленіп отыр. Қоғамдық марапаттар жиынтығы өзінің құрамы жағынан әртүрлі: ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар соның айғағы. Мемлекет басшысының қоғамдық марапаттары – Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік кеңістікке танылуының нәтижесі", - дейді музей директоры Алма Сағынғали (басты суретте - Авт.).
Көрменің мақсаты – музей жәдігерлері арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа қазақстандық мемлекеттілік пен ашық қоғамды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық өмірдің көптеген саласына қосқан үлесін көрсету.