«Адамдарға қызықты болсын, естерінде қалсын деген мақсатта алаңда үлкен мереке етіп өткізіп жатырмыз. Үш атауда, біріншісі – «АРТ аяқ-киімдер», мұнда көркемдік аяқ-киім қою керек. «Тарихтағы із» тарихы бар аяқ-киімдер қойылған. Сосын үшінші атау «Ескі кебістің жаңа өмірі» деп аталады. Дәл осындай үш атаумен өткен көрме-байқауға 50-ге жуық аяқ-киім қойылды. Ұйымдастырушылар бір ай бұрын баспасөз бетінде хабарландыру берген. Алғашқы аталым бойынша қатысқан шеберлердің шығармашылық ізденістері байқалып тұр. Түрлі материалдардан ерекше аяқ-киімдер жасаған. Ал келесі аталымда тарихы бар көне аяқ-киімдер қойылыпты. Мысалы, жергілікті тұрғын Клавдия Ложкина әкесінің жалақы орнына алған, 1946 жылы жасалған әйелдер туфлиін әкелген. Сонымен бірге шошқа терісінен тігілген болгар халқының ұлттық аяқ-киімі де бар мұнда. Оны 1957 жылы металлургиялық комбинаттың құрылысына қатысқан болгар азаматы алып келіпті. Бұл күні байқауға қатысқандардың барлығы да сый-сияпатсыз қайтқан жоқ», - деді Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Лейла Әбікеева.
Теміртау музейінде аяқ-киімдердің көрме-байқауы өтті
Дүйсенбі, 25 Мамыр 2015 15:06
KAZMUSEUM.KZ -
Теміртау қаласында аяқ-киімдердің көрме-байқауы өтті. Көрмені жергілікті музей ұжымы өздерінің кәсіби мерекелеріне арнап ұйымдастырған.