Анонс


Президент музейінде СҚО музейлерінің көрмесі ашылады

Жұма, 15 Мамыр 2015 10:42
Президент музейінде СҚО музейлерінің көрмесі ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Солтүстік Қазақстан облысының музей  бірлестігінің қорынан ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі»  атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

 «Ұлттық игілік»   музейаралық серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі» атты көрмесі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Экспозиция көрермендерді өлкедегі полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихымен таныстырады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан  халқы кіші Ассамблеясы жұмыстарының қолжеткізген жетістіктері жайлы баяндайды.

Айта өтейік,  Солтүстік Қазақстан облысының музейлер бірлестігінің коллекцияларында Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын көптеген этностардың тарихы мен дәстүрлі мәдениеті туралы баяндайтын бірегей этнографиялық материалдар сақталған.

«Бірлік бесігі» көрмесінің үлкен сахналық көріністері – киіз үйлер, ағаш үйлер мен реконструцияланған шаруашылық аулалар қазақ, орыс, казак, татар, неміс және поляк ұлттарының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды.

Көрме 20 мамыр күні сағат 17.00-де Бейбітшілік көшесі 11 үйде орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ашылады.

 

2203 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper