Анонс


Түркі дүниесіндегі ең соңғы ірі шайқасқа арналған көрме ашылды (ФОТО)

Жұма, 17 Сәуір 2015 18:27
Түркі дүниесіндегі ең соңғы ірі шайқасқа арналған көрме ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Астанадағы Ұлттық сурет галереясында «Түрік мәдени орталығының» ұйымдастыруымен І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Чанаккале шайқасының 100 жылдығына арналған фотосуреттер көрмесі ашылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ұлыбритания және Франция мемлекеттері Ресейге көмек көрсету үшін Түркияның Босфор және Чанаккале бұғаздарын жаулап алмақшы болады. Жоспарларын жүзеге асыру үшін Түркияға соғыс жариялайды. Соғыс тарихындағы ең ірі армаданы ұйымдастырған Ұлыбритания мен Франция Ыстамбұл қаласын қоршап алып, Түркияға қауіп туғызған болатын. Екі жақты да үлкен шығынға ұшыратқан соғыс Түркияның жеңісімен аяқталады. Астанада ашылған көрменің де басты тақырыбына осы жеңіс арқау болды. Көрмеге соғыс жылдарындағы түрлі жағдайлардан деректер беретін бірнеше фотосуреттер қойылды.


Ибраһим Йылдырым, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры:
- Чанаккале шайқасы Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ең ірі шайқастардың бірі болды. Соғысқа қатысушы тараптар зор шығынға ұшарады. Ерлікпен шайқасқан қала тұрғындары Ыстамбұлды қорға қала алды. Бұл біздің ортақ тарихымыз. Көрмені ұйымдастыруға атсалысқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.


Көрмеге келушілерге Чанаккале шайқасының 100 жылдығына арналған деректі фильм ұсынылды.


Көрме кезінде Чанаккале шайқасы өткен жерді және Ыстамбұл қаласын тамашалау үшін ұтыс билеттері де ойнатылды. Ұтысқа қойылған екі билетті де Астана тұрғындары ұтып алды. Енді олар аталған тарихи мекендерді тегін аралап көретін болады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Нұрбек ӘЛМӘНБЕТОВ (фото).

5006 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper