Анонс


Астанада қазақ суретшілерінің көрмесі ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 27 Наурыз 2015 12:34
Астанада қазақ суретшілерінің көрмесі ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жоба аясында «Көктем келді» көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге бейнелеу өнерінің әртүрлі бағыттары мен стилінде жұмыс жасайтын танымал қазақстандық шеберлердің көркем туындылары қойылды.

Музейге келген көрермендерге бірегей суретші Орал Таңсықбаевтың (1904-1974) реалистік туындыларын, ҚР Халық суретшісі Жаңатай Шарденовтың (1927-1992) пейзаждарын, Тоқболат Тоғызбаевтың (1940-1996) символды-монументальды суреттерін, таланты суретші, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1982) асқақ эпикалық бейнелерін, ұлттық көркем сурет мектебіндегі белгілі тұлға Сабыр Мамбеевтің ғажайып пейзаждарын, сол сияқты Еуропаның станокты дәстүрлі өнерінің Азия көшпелілері көркем мұраларындағы тасқа салу өнерімен синтезделген Амандос Ақанаевтың да еңбектерін, Ағымсалы Дүзелхановтың ерекше талғамды суреттері мен қазақ сюрреализмінің негізін қалаушы Ерболат Төлепбаевтың жұмыстарын көруге мүмкіндік туып отыр.

"Бас киімдер". А.Ақанаев, 1948 жыл.

"Қазына". А.Көлке, 2014 жыл.

"Таң". А.Мұқанов, 1936 жыл.

"Қонақ келерде". А.Мұқанов, 1936 жыл.

"Мейірім шуағы". К.Муллашев, 1944 жыл.

"Уыз". А.Мұқанов, 1936 жыл.

"Жібек жолында". Е.Тё, 1963 жыл.

"Көктем". А.Дүзелханов, 1951 жыл.

"Жайылымда". О.Таңсықбаев, 1963 жыл.

Айта өтейік, қазақ суретшілерінің бұл көрмесі алдағы 18 сәуірге дейін жұмыс істейді. Көрмені ҚР Ұлттық музейінің 4 - қабатында орналасқан көрме залынан тамашалай аласыздар.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

Ғабит МАДАЛЕИВ (фото).

4852 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper