Анонс


Ұлттық галереяда кескіндеме залы ашылды

Сенбі, 20 Желтоқсан 2014 09:12
Ұлттық галереяда кескіндеме залы ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залы ашылды. Зал экспозициясы кәсіби мектептің қалыптасуына сай кезең-кезеңмен жасақталған, деп хабарлады khabar.kz.

Көрмеде қазақ бейнелеу өнерінің негізін салумен қатар, дарынымен дараланған таланттар Николай Хлудов, Әбілхан Қастеев, Құлахмет Қожықов, Айша Ғалымбаева және басқа да хас шеберлердің туындылары ұсынылған. Барлығы 70-тен астам еңбек.  Бұдан бөлек көрермендер шара барысында Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің орындауындағы шығармаларды тамашалады. 

- Экспозицияда алғашқы ұстаздардың топтамасы, одан кейін социалистік реализм кезіндегі туындылар, Ұлы Отан соғысына арналған, одан кейін тың игеру, Целиноград құрылысы тақырыптарын қамтитын туындылар көрсетілген, дейді галереяның ғылыми-шығармашылық зертханасының жетекшісі Жазира Жәкібаева.

5166 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper