Анонс


Қазақтың құрақ құрау өнеріне арналған көрме өтеді

Бейсенбі, 16 Қазан 2014 20:51
Қазақтың құрақ құрау өнеріне арналған көрме өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Қазақстан сәндік-қолданбалы өнер орталығының сектор меңгерушісі Нұржамал Бекбосынқызының жетекшілігімен құрақ құрау шеберлерінің көрмесі өтеді.

Конкурсқа қатысушылар «Кәсіпқойлар» және «Әуесқойлар» деп 2 топқа бөлінеді. Көрмеде ұлы суретшілердің картиналарындағы образдар бойынша жасалған шығармашылық жұмыстар мен қазақ халқының дәстүрлеріне тән бұйымдар көрсетіледі. 

Экспозицияға қойылған көркем жұмыстар дизайнерлік шешімімен және бояуының молдығы әрі орындаушылық шеберлігінің жоғарылығымен көз тартады.

Осы көрме аясында Чехия, Англия, Франция және т.б. елдердегі көптеген халықаралық квилт-фестивальдарға қатысқан белгілі словак шебері Анка Зимованың да жеке көрмесі өтеді. 

Конкурсқа қатысушылар шет елдік шеберлердің жұмыстарымен танысуға және тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялық тәсілдерін үйрену мүмкіндік алады.

Айта өтейік, көрме 18 қазан күні ашылып, 8 қарашаға дейін жалғасады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары осы аралықта көрмені  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінен тамашалай алады.

5061 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper