Анонс


Астанада «Асыл мұра» көрмесі ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жұма, 10 Қазан 2014 21:28
Астанада «Асыл мұра» көрмесі ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Астанада қолөнер шеберлерінің қатысуымен «Асыл мұра» көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркіменстанның майталман 50 қолөнер шебері қатысты. Қазақстан мен Моңғолиядан қатысқан шебелер көрмеге бұйымдарын ұсынып ғана қоймай, оның жасалу тәсілдері жайлы шеберлік сыныптарын өткізді. Ал, Түркіменстан мен Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген дизайнерлер этникалық киім үлгілерін ұсынды. Мамандардың айтуынша, бұл киім үлгілері 2014 жылдың ең үздік этникалық киім үлгілері топтамасына жатады. Көрменің басты ерекшелігі – қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұршық иіру, кілем тоқу, ши тоқу тәрізді дәстүрлі құндылықтары шеберлік сыныптары түрінде көрсетілді. Көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырған бұл шеберлік сыныптары нәтижесінде жасалған бұйымдарды келушілер қолма-қол сатып алып жатты. 

Көрмені ұйымдастырған «Дала арулары» қоғамдық қоры 2013 жылдан бері осындай игі шараларды ұйымдастырып келеді. Алдағы уақытта да бұл көрме өз жалғасын таппақ.

Роза Жүсіпова, «Шежіре» қазіргі заман өнері галереясының директоры:

- Ұлттық мұраларымыз ұлықтайтын мұндай көрмелер бізге ауадай қажет. Көрме арқылы біз өзіміздің бай тарихымыз бен мәдениетімізді көрсетіп отырмыз. Мұнымен қоймай, көрші мемлекеттердегі әріптестеріміз де біздің көрме арқылы ұлттық құндылықтарымызбен таныса алады.

 
Айта өтейік, аталған көрме алдағы 12 қазанға дейін жұмыс істейді. Көрме сағат 10.00-21.00 аралығында Астана қаласы, «Гранд Астана» тұрғын-үй кешеніндегі (Тәуелсіздік көшесі жағынан) «Қолөнер орталығы» залында ұйымдастырылады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

Ғабит МАДАЛИЕВ (фото)

4873 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper