Анонс


Венециядағы биенналеге Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды Таңдаулы

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 20:16
Венециядағы биенналеге Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Астанада 60-шы Венеция өнер биенналесіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының тұжырымдамасы таныстырылды6 деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мерейтойлық биенналеде Қазақстан мемлекеті «Jerūiyq» мифтік жер туралы ежелгі аңыздың заманауи интерпретициясын ұсынады.

Бұл халықаралық көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны алғаш рет ұсынылып отыр. Көрме Венецияның тарихи ғимараттарының бірі - Италияның Ұлттық музейінде өтеді. Павильонның комиссары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

«Халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу - әлемдік аренада зияткерлік және шығармашылық әлеуеті жоғары ел ретінде Қазақстанның имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, биенналеге Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындарында оқитын он жас суретші қатысады деп жоспарлануда. Олар әлемнің үздік авторларының шығармашылығын көріп, білімдерін толықтыруға мүмкіндік  алады. Осылайша, біз әлемді ұлттық мәдениетімізбен таныстырып қана қоймай, жас таланттарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік береміз», - деді Күміс Сейітова.

Келушілерге қазақстандық жеті суретші Камил Муллашев, Ерболат Төлепбай, Сәкен Нарынов, Сергей Маслов, Анвар Мүсірепов және «The2vvo» тобының жұмыстары көрсетіледі. Экспозицияда футуристік көкжиектер мен қазіргі порталдардан басқа өлшемдерге дейінгі қиял әлемі ұсынылады.

«Көрменің тақырыбын бірнеше ұрпақтың көзқарасымен көрсету үшін суретшілердің туындыларын мұқият таңдадық. ХХ ғасырдың 70-80-90 жылдары тақырып қалай игерілді, қазір заманауи медиамен жұмыс істеп жатқан суретшілер оны қалай сезінеді, осы жағына көңіл бөлдік», - деді Қазақстан павильонының кураторы Данагүл Төлепбай.

Қазақстандық суретшілердің өнер көрмесіне қатысуы «Viled FASHION» ЖШС, «Qazaq oil» ЖШС және «Universal Energy Kazakhstan» ЖШС бас демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«Шетелдіктер барлық жерде» атты 60-шы Венеция өнер биенналесі 20 сәуірде ашылады және келушілер 2024 жылдың 24 қарашасына дейін жеті ай бойы тамашалай алады. Оған 90 елдің суретшісі қатысады. Көрменің негізгі тұжырымдамасы көші-қон, мәдени плюрализм мәселелерін және жаһандық Оңтүстік елдерден келген модернистік суретшілердің есімдерін қайтадан таныстырады.

Халықаралық өнер көрмесі алғаш рет 1895 жылы Венецияда өтті және бірден өнер әлеміндегі басты оқиғалардың біріне айналды. Екі жылда бір рет өткізілетін биенналеге жарты миллионға жуық адам қатысады.

448 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper