Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, Ұлы даланың дәстүрімен, тұрмысымен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.
«Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесінің экспозициясында музей қорынан 140-тан астам экспонат ұсынылады. Экспозициялық кеңістік киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар сияқты тақырыптарды қамтиды.
Көрме Қазақстан Республикасының Италиядағы Құрметті Консулы Валентина Мацца ханымның тікелей қатысуымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған.
Көрме жобасының жетекшісі: Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықова – «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры.
Неаполь қ. көрме жобасының жетекшісі: Валентина Мацца – Қазақстан Республикасының Италиядағы Құрметті Консулы (Кампания округі).
Көрме 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.