Анонс


Көкшетауда «Батыр тұлға - Бауыржан» атты жылжымалы көрме ашылды

Жұма, 19 Қараша 2021 16:38
Көкшетауда «Батыр тұлға - Бауыржан» атты жылжымалы көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Мәлiк Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлының туған күндеріне орай Б.Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан жасақталған «Батыр тұлға - Бауыржан» атты жылжымалы көрме ашылды.

Көрмеге Б.Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан Б.Момышұлының киген полковник шинелімен папахасы, фотоаппараты, Б.Момышұлының әкесінен қалған күмістен зергерлеп жасалған стакан салғыш және батыр Бауыржан оқыған кітаптар мен тұтынған заттары көрмеге қойылады.

Көрме Мәлік Ғабдуллин музейінің көрме залында 15.11.2021– 24.11.21 аралығында жұмыс істейді.

2160 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper