Анонс


Нұрболат Асқардың OSHAQ атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді (ФОТО)

Жұма, 19 Қараша 2021 16:06
Нұрболат Асқардың OSHAQ атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Нұрболат Асқардың OSHAQ атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің отыздан астам кескіндемелік туындылары қойылған. Көрме 2021 жылғы 19 қарашада ашылып, 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Нұрболаттың кескіндемесі – бейнелі кескіндеме мен импрессионизмнің ерекше қоспасы, ол өзіне ұнайтын көріністерді жиі өзгертеді, «жылы» мен «суық» түстерді айқын түрде салыстыра, түрлі-түсті контрасттарды қолдана отырып түс «дыбысын» арттыруға тырысады. Оның туындыларындағы сағымнан бас тартуға композициялық шешімдер, фактураның түрлілігі әсер етеді. 

"Немере" (2021)

"Ақ дастархан" (2020)

"Ою" (2021)

"Отбасы" (2020)

"Әңгіме" (2021)

"Әмина" (2021)

 "Ошақ" (2021)

"Ана мен бала" (2021) 

 Осы тәрізді бірнеше туындыны музейдің көрме залынан тамашалауға мүмкіндігіңіз бар. Көрме 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Қысқаша өмірбаян:

Нұрболат Асқар 1993 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

2014 – Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін бітірді.

2010 жылдан қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.

2016 – XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Гран-при иегері.

2019 – Қазақ ұлттық өнер университетін «станокты кескіндеме» мамандығы бойынша бітірді. Б. Әсемқұл мен А. Орақбайдың шәкірті.

2021 – Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасын тәмамдады.

 

 

2302 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper