Көрмеге Дарья Калимова-Қастееваның әкесі, атақты қазақстандық суретші – Мұхит Калимовтың жұмыстары қойылды. Мұхит Калимов – ХХ ғасырдағы қазақстандық өнер классиктерінің көрнекті өкілі. Үздік академиялық білім суретшіге әр түрлі пейзаждық, портреттік және жанрлық туындылар жасай отырып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ол – портреттің сөзсіз шебері. Қазақтың атақты тұлғаларының портреттерін бейнелейтін тарихи тақырыптарға үлкен мән бере білген. Олардың қатарында «Бабалар», «Абылайхан», «Сырым батыр», «Исатай-Махамбет», «Мұрат ақын», «Құрманғазы», «Қайран шешем», «Ғани Мұратбаев», «Әуезов пен Ш.Айтматов» және т.б. туындылар бар.
Оның портреттері ерлер, әйелдер және балалар – кейіпкерлерді зерделей отырып, белгілі бір үйлесімділік сарында диалог жүргізеді. Бұдан өзге, шебер жұмысының ерекшеліктеріне жұмсақ, пастельді түстер – інжу- сұрғылт, ашық қоңыр және құм тәрізді түстерді таңдау жатады.