Көрменің ашылу салтанатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлан-Бек Мейрамхатұлы сөз сөйлеп, Отырар музейінің бас қорсақтаушысы Ералы Төлендіұлы көрме барысымен таныстырды.
Айта кететін жайт, көрме төрт бөлімнен тұрады. Көрмеге Отырар қорғанынан табылған 200 жәдігер қойылған.
Сондай-ақ, салтанат соңы әсем әнмен түйінделіп, көрмеге экскурсия жүргізілді. «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі Абай музейінде бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады.