Анонс


Отырар қорық-музейі Алматыда көрме ұйымдастырды

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 14:34
Отырар қорық-музейі Алматыда көрме ұйымдастырды KAZMUSEUM.KZ -  

Елімізге танымал музейлер мен архивтер - Алматы музейі, ҚР Президенті Архиві, Отырар археологиялық қорық-музейі, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақстан аумағындағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» тақырыбында нумизматикалық жәдігерлер көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының директоры Жамила Абдукадырова, Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі Назерке Кәкіжанова, Отырар археологиялық қорық-музейінің директоры Айбек Жандосов, Қазақстан теңгесінің авторы, суретші, архитектор Хайрулла Ғабжалилов, ҚР Ұлттық банкінің архитектор, дизайнері Алмат Басенов және ҚР қаржы саласы ардагері Ерлен Жангелдин арнайы құттықтау сөз алып, төл теңгеміздің 25 жылдығымен құттықтады.

Отырар мен «Әзірет Сұлтан» музейлері қорларындағы көрмеге ұсынылған жәдігерлердің құрылымы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімін музей қорындағы нумизматикалық материалдардың ең көне үлгілері - біздің дәуірдің ІІІ ғ.-нан бастау алып, VII-VIII ғғ. өлкенің түркі тайпаларының ықпалына өткен кезеңдеріндегі нумизматикасына қатысты жәдігерлер мен деректік материалдардан құралған. ІІ-ші бөлімде араб халифаты билігінің қарсаңындағы нумизматика және араб нумизматикасының ықпалына өткен кезеңдердегі, Саман, Қарахан әулеті билеушілері тұсында соғылған тиындар мен оларға қатысты ғылыми еңбектер қорытындылары мен сол кезеңдерден жеткен жазба ескерткіштерден алынған материалдар қамтылса,  ал ІІІ-ші бөлімде өлкеде билігі үстемдік еткен Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атынан соғылған тиындар, ХІІІ-ші ғасырда өлкедегі билікті қолға алған моңғол билеушілерінің ақша түрлері мен музейлер қорларында кездеспейтін кей тиындардың суреттері мен сол кезең нумизматикасына қатысты материалдар қойылды.

Көрме 2018 жылғы 8 желтоқсанға дейін Алматы музейінде жұмыс істейді.

 

 

2564 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper