Көрме «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірлесе ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты - жас ұрпаққа қазақ халқының зергерлік тарихи құнды жәдігерлерін насихаттау, зергерлік өнердің құдіретін зергерлік бұйымдар арқылы дәлелдеу.
Көрмеге 100-ден аса зергерлік бұйымдар қойылды. Атап айтқанда: ХІХ ғасырға жататын шашбаулар, шолпылар, шекеліктер, алқа сырғаларымен, құдағи жүзіктері, тіс шұқығыштар, бойтұмарлар, белдіктер т.б жәдігерлер.
Қазіргі таңда тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының қорында 6 мыңға жуық жәдігерлер сақталған. Оның 150 -ден астамы зергерлік жәдігерлер болып табылады.
Көрме 15 наурыздан бастап 21 наурызға дейін жұмыс істейді.