Марат Төлегенұлы негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс жасайды. Шебердің туындыларынан туған өлкеге деген сүйіспеншілік, ауыл өмірінің күнделікті тыныс-тіршілігінің әсемдігі бірден көзге түседі. Автор туып-өскен үйінің жылуын ешқашан естен шығармайтын әрбір жанға етене таныс көріністерді дәлме-дәл жеткізеді.
Суретші бейнелерді, көңіл-күйді, уақытты айқын жеткізеді. Оған шебердің 40-қа жуық туындысы ұсынылатын «Туған жер» көрмесінде көз жеткізуге болады.
«Туған жер» көрмесі 2017 жылдғы 3 ақпан, сағат 17.00-де ашылып, 2017 жылдың 10 ақпанына дейін жалғасады.
Кіру тегін.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.