Анонс


Ұлттық музейде жаңа көрме: «Жұлдызды көшпенді»

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 05:23
Ұлттық музейде жаңа көрме: «Жұлдызды көшпенді» KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі  Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейімен бірлесіп суретші Сергей Масловтың «Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты жеке көрмесін ашты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге суретшінің көркемсурет, графика, мәтін, инсталляция сынды түрлі жанрларда орындалған туындылары қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай:

Біз дәстүрлі өнерді ғана емес, заманауи өнердің әртүрлі ағымдарын да қолдауымыз керек. Өйткені, өнер бір ғана формада болады деп есептесек тұйыққа тірелеміз. Сондықтан, біз өнердің жаңа бағыттарын, қазіргі заманда әлем мойындаған жанрларды насихаттап, сол жұмыстарды көрсетуге тырысамыз, – деп, көрменің басты мақсатына тоқталып өтті.

Сергей Масловтың суретші ретіндегі мансабы 1980 жылдардың соңында басталды. Сол уақыттарда Маслов шығыстық мистицизм және стильдік эклектик бағытын дамытқан «Түнгі трамвай» көркемөнер тобының жетекшісі болатын. Кейіннен өзінің басты  шығармашылық қағидасы ретінде мифтік шығармашылықты таңдап алып, Вояджер галереясының көркемөнер тобына қосылған.

Масловтың еңбектері ҚР Ұлттық музейінің, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің (Алматы), Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің (Семей), MHKA Антверпеннің, Джейн Воорис Зиммерли көркемөнер музейінің (Нью-Браунсуик) топтамаларында, сол сияқты Қазақстан мен шетелдердегі жеке топтамаларда сақтаулы.

Сергей Масловтың «Даладағы ақ түндер» туындысы 2013 жылы Sotheby's аукцион үйі Лондонда ұйымдастырған «Жолайрық» көрмесіне Салихитдин Айтбаевтың, Бахтияр Табиевтың, Рысбек Ахметовтың туындыларымен қатар қойылды.

Ұлттық музей осы көрме арқылы елімізде ғана емес, шетелдерде де танымал, көкейтесті өнер саласында жұмыс жасайтын аз ғана қазақстандық суретшілердің шығармашылығын халыққа танытуды көздейді.

Көрме 31 наурызға  дейін жалғасады.

6184 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper