Алдағы 19 қаңтар күні сағат 16.00-де суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мұхамбетқали Дүйсембаевтың «Өнер тұнып тұрған құпия» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.
Сондай-ақ, 26 қаңтар күні сағат 15.00-де Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға арналған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қор коллекциясынан «Қазақстан спортының тарихы» атты көрмесі ашылады.
Музейдің мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50
Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс
Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге, оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.