Анонс


Жетісу петроглифтерін насихаттауға арналған көрме ашылады

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 21:28
Жетісу петроглифтерін насихаттауға арналған көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Есік қорық-музейінде «Тастар сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Көрменің ашылу салтанаты 2016 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 11.00-ге белгіленген.

 «Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Есік» қорық-музейінде ашылатын көрме төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  1. Ғылыми жаңалық болып табылатын жаңа ашылған Жетісу петроглифтерін таныту, насихаттау, оларды ғылыми-білім беру ісінде пайдалану;
  2. Жаңа ашылған Жетісу петроглифтеріндегі анағұрлым қызықты материалдарды туристерге таныстыру;  
  3. Солар арқылы қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен, әдет- ғұрыптарымен таныстыру;
  4. Қорық-музейдің келушілерге қызықты болуына үлес қосу;
  5. Келушілерді еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына үлес қосуға шақыру және олардың тарихи мұрамызға деген қызығушылығын ояту», - делінген хабарламада.  

«Тастар сыр шертеді» көрмесінде  Жетісу жартас суреттеріне қатысты бұрындары жарияланбаған  материалдар орын алады, келушілер жартас суреттерімен фотолары арқылы жақынырақ таныса алады. Сонымен қатар ежелгі петроглифтердегі жан-жануарлар мен тұрмыстық бұйымдарды, аңшылық сахналарды мектеп оқушылары мен мұғалімдері тарих, биология, дінтану пәніне көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады.

Көрме қонақтары ретінде белгілі ғалымдар А.Н. Марьяшев, А.Е.Рогожинский, Алматы облыстық Мәдениет және мұрағат басқармасынан, Еңбекшіқазақ аудандық әкімшілігінен арнайы өкілдер келеді деп күтілуде.    

Көрме ғылыми зерттеушілер, тарихшылар мен археологтарға және көпшілік қауымға арналған.  

Көрме өтетін орын:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Алматы-Көкпек-Көктал тас жолы, Есік кіре берісі 6,6 шақырым. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі. 

2500 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper