Анонс


«Тәуелсіз елімізге Алла жар болсын» атты жеке көрме ашылады

Дүйсенбі, 21 Қараша 2016 14:08
«Тәуелсіз елімізге Алла жар болсын» атты жеке көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында 2016 жылғы 24 қарашада сағат 16:00-де суретші Жұмахмет Мырзахметұлының «Тәуелсіз елімізге Алла жар болсын» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына орай арнайы ашылып отыр. Суретшінің 60-қа жуық пейзаж жанрында жазылған туындылары қойылады.

 «Суретшінің бірқатар туындыларында қазақ жерінің табиғаты, әсіресе таулы табиғат көріністері бейнеленген. Өзіндік ерекше стильде табиғатты, тауларды салу кезінде әртүрлі түстерді қолданады. Олар «Күннің батуы», «Жауынды күн», «Бұлтты күн», «Күзгі көктөбе», «1-ші ықшам ауданы», «Айлы түн» және тағы да басқа туындылар. Жаздың шуақты күндері, алыстан ескен сағым, киелі таудың ыстық лебін де сезінгендей боласың. Күн сәулесінің тарауы, биік таулар, ағаштардың таумен бірге уйлесуі, өзендердің сылдыры, ақырын соққан самал жел, таң сәрі, көк жиектегі күн, күннің батуы, бәрі-бәрі, әсіресе, қызыл-сары түстегі бұлттардың өзіде философиялық сырды ашып көрсетеді. Әр туындыдан тәңіріміз жаратқан табиғаттың барлық күйін кездестіресің және таңғажайып бір сезімде қаласың», - дейді көрмені ұйымдастырушылар.  

Суретші туралы айта өтейік, Жұмахмет Мырзахметұлы 1947 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылында дүниеге келген.  1972 жылы Алматыдағы Орал Таңсықбаев  атындағы көркем - сурет училищесін бітіріп, Қызылорда облысындағы "Өнер комбинатында" он жылдай жұмыс істеген.  Алматы қаласына 1980-ші жылы көшіп келді. 1988 жылдан КСРО СО мүшесі. Шығармашылықпен айналысқанына 44 жыл болды. Осы жылдар ішінде алпыстан астам әртүрлі халықаралық, республикалық деңгейдегі көрмелерге қатысты.

 

5577 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper